Арзан бағаға қымбат көлік әкелем деп адамдарды алдаған алаяқ ұсталды

13 желтоқсан в 20:39 83 рет оқылды

Алматыда осылай деп елді алдап, ақшаларын қалтасына басып жүрген күдікті ұсталды. Бірақ ол ешкімге ешқандай уәде бермедім, ал ақшаны қарызға алғанын айтып азар да безер. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

42 жастағы Рәкішев таныстарына көлікті Қызғызстаннан жеткізіп берем деп сендірген. Құжатын рәсімдеуді де өз мойынына алыпты. Бірақ қыруар қаржыны пайдасына жаратып уәдені орындамай жүре берген. Алаяқтың қақпанына түскенін аңғал жұрт кеш ұққан. Күдіктінің үстінен әзірге 5 адам шағым түсіріпті. Алданғандардың басым бөлігі Рәкішевтың туыстары мен таныстары. Олардың 33 мың долларын иемденіп, сан соқтырған. Қазір күдікті уақытша қамау изоляторында сұралып жатыр. Алданғандар саны әлдеқайда көп болуы да мүмкін.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар