jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жамбыл облысында малдың жаппай қырылуының себебі айтылды

07 желтоқсан 2017, 22:08
61

Жамбыл облысында төрт түліктің жаппай қырылуына Натрий-Цианит зауытының еш қатысы жоқ. Яғни сараптама жүргізген мамандар малдың химиялық шайынды судан өлмегенін анықтап, кесел қалдық суы жиналған көлшіктен келді деген қорытынды шығарған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бірақ жылқы мен қойдың арам қатуына өндіріс орны кінәлі емес делінгенімен, сол зауыт басшылығы өлген малдың шығынын шетінен өтеп жатыр. Қамбар ата тұқымының әр басына 300 мың теңгеден берілуде. Еске салсақ, қыркүйек айында Қаратау қаласының іргесіндегі қалдық су жиналатын көлден су ішкен 12 бас жылқы сол жерде сеспей қатқан еді.Бұл маңда бұған дейін де 4 бас жылқы мен 12 қой өлген болатын. Тұрғындар төрт түліктің жаппай қырылуына химиялық шайындыны төгетін Натрий-Цианит зауытын айыптаған. Бірақ өндіріс орнының басшылығы өздеріне шаң жуытпаған болатын. Айта кетейік, қазір осы оқиғадан соң көлшіктің аумағы мал өтпестей етіп мықтап қоршалған.

Бүгін, 17:11
Бір тал өрік
Бүгін, 16:43
"Көзім ашылып, түнектен шыққандаймын"
Бүгін, 16:36
Доллар "дауылы"
Бүгін, 16:29
Ана мен бала өлімі асқынып тұр
Бүгін, 12:08
Бағдарлама берген мүмкіндік
13 тамыз, 15:13
Алыс-беріс пен барыс-келіс жанданатын аймақ
10 тамыз, 15:13
Айжан қалай адасты?
10 тамыз, 11:49
Ақан сері ауылында небәрі 20 үй қалды