Тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

07 желтоқсан в 22:23 49 рет оқылды

Көкшетауда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Көкшетау қалалық ІІБ тарапынан жергілікті ЖК-ның (жеке кәсіпкер) құрылтайшысы 31 жастағы көкшетаулықтың үстінен ҚР ҚК 217-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазірдің өзінде облыс орталығының 45 тұрғыны полицияға шағым түсірген. «Полицейлер анықтағандай ЖК желілік маркетинг сияқты бір айға жуық уақыт жұмыс істеген. Құрылтайшы Көкшетау қаласының тұрғындарын жоғары дивидентке сендіріп, ақшаларын алып отырған. Тұрғындар 30 000 теңге ақша салса, 30 күн өткен соң салған ақшалары 3 есеге көбеюге тиіс болатын. Егер салымшы тағы бір кісіні ертіп әкелсе, онда оған әр адам үшін «бонус» ретінде 30 мың теңге көлемінде сыйақы төленеді. Алайда, зардап шегушілердің айтуынша, ЖК өзін банкрот деп таныпты. Осының салдарынан тұрғындардың салған ақшалары қайтарылмай қалған. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Сондай-ақ, арнайы тергеу тобы құрылып, зардап шеккендер мен куәгерлерден түсініктеме алуда. ЖК құжаттарын зерттеп, тексеруде», түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

 

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар