jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақстан ресейлік депутаттың сауалына жауап берді

07 желтоқсан 2017, 15:39
69

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Ресей Думасының депутаты Виталий Милоновтың сауалына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz.

Осыған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей құрамасын 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан шеттеткен. Осыдан соң, Дума депутаты Виталий Милонов Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь елдерін Ресей құрамасын қолдап, қысқы Олимпиадаға қатыспауға шақырған болатын. Осы мәселеге қатысты Сәкен Мұсайбеков өз пікірін айтты.

«Кеше Ресей президенті Владимир Путин аталған олимпиадаға қатысатын спортшыларға кедергі жасалмайтынын айтты. Олар жарысқа баратын болды. Ал халықаралық комитет жарысқа тек «таза» спортшылар қатысатынын жеткізді. Жарысқа қатысу мақсатында лицензия ұтып алу үшін бақтарын сынайтын спортшылар туралы айтсам, олар таза. Олар допингті пайдаланбайды. Біз допингке мүлдем төзбеушілік қағидасын ұстанамыз. Сондықтан таза спортшылар үшін Олипиадаға жол ашық. Біз Олимпиадаға қатысамыз», — деп түйіндеді сөзін Сәкен Мұсайбеков.

Айта кетейік, 2018 жылы 9 ақпанда Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 23-ші қысқы Олимпиада ойындары өтеді. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, қазақстандық спортшылар аталған жарыста спорттың 9 түрінен бақтарын сынайды.

Пхенчхан қаласында өтетін 23-ші қысқы Олимпиада ойындарына әлемнің 80-нен астам елінен 5 мыңнан аса спортшының және ресми тұлғалардың қатысуы жоспарланған. Дүбірлі додада спорттың 15 түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Осыған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей құрамасын 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан шеттеткен болатын.

Бүгін, 17:11
Бір тал өрік
Бүгін, 16:43
"Көзім ашылып, түнектен шыққандаймын"
Бүгін, 16:36
Доллар "дауылы"
Бүгін, 16:29
Ана мен бала өлімі асқынып тұр
Бүгін, 12:08
Бағдарлама берген мүмкіндік
13 тамыз, 15:13
Алыс-беріс пен барыс-келіс жанданатын аймақ
10 тамыз, 15:13
Айжан қалай адасты?
10 тамыз, 11:49
Ақан сері ауылында небәрі 20 үй қалды