Алматыда апалы-сіңлілерді өлтірген күдікті ұсталды

07 желтоқсан в 10:47 239 рет оқылды

Алматыда криминалды полиция қызметкерлері екі әйелді пышақтады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ер адам тағы бір қызды өлтіргенін мойындаған. «Ұсталған адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қылмыс арақ ішудің кесірінен болғаны анықталды. Ал 23 жастағы қызды 1983 жылы туған Замаддин Палтуев ақша үшін өлтірген», — деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Еске сала кетейік, Алматыда қанішердің қолынан апалы-сіңлілілердің қаза тапқаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Оқиға бойынша 34 жастағы ер адамға іздеу жарияланған еді.

 

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар