Жалғыз қызымен тұратын ер адам өзіне қол жұмсар алдында хат жазған

22 қараша в 14:55 206 рет оқылды

Ақтауда 19 қараша күні түнде 4 шағын ауданындағы №43 үйде қайғылы оқиға болды. Өз тамырын кесіп о дүниеге аттанған ер адамды туған қызы тауып алды, деп хабарлайды Today.kz Лада сайтына сілтеме жасап.

Жедел жәрдемге хабарлама 04:08-де түскен. Дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын растады.

«Оқиға орнынан хат табылды. Хатта үй тұрғындарына кінә тағылған және алғыс айтылған. Оны тергеуші алып кетті», — деді көршілер.

Көршілердің сөзінше, марқұм сабырлы, сәлемі түзу, тыныш адам болған. Соңғы кезде басының жиі ауыратынын айтып жүрген. Ер адамның артында қызы қалды. Әйелімен 10 жыл бұрын ажырасқан.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар