Ұлттық бюро саунада түсірілген шулы видеоға қатысты пікір білдірді

22 қараша в 16:48 323 рет оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері атышулы видеожазбаға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұның алдында әлеуметтік желілерде ер адамдардың саунада отырып, өздерін «жемқорлықпен күресуші» деп атағаны түсірілген видео тараған еді. Олардың біріне қызыл куәлік табыс етіледі. «Бауырлар, саламалейкум. Бүгін Ақтау қалалық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментке жаңа қызметкерді қабылдап жатырмыз. Ерік, біздің қатарға қосылып жатырсың. Енді жемқорлықпен күресеміз. Бүгін біз Ақтауда оның келіп жатқанын атап өтеміз. Алғашқы парамен құттықтаймыз», — дейді жартылай жалаңаш ер адам видеода. Осыдан кейін ол айғайлап күліп, екіншісіне қызыл куәлік тапсырады.

Ұлттық бюроның баспасөз қызметіндегілер бұл видеоның антикоррупциялық қызмет органдарына қатысы жоқ екенін айтып отыр. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, видеодағылардың ешқайсысы да Ұлттық бюро қызметкері емес.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар