jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

ОҚО-да мұнай ұрлағандар ұсталды

22 қараша 2017, 15:31
101

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті және прокуратураның бірлескен жедел-тергеу тобымен «Павлодар — Шымкент» мұнай құбырынан шикізат ұрлап келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 адамнан құралған топ мүшелері өңірдің бірнеше аудандарынан құбырларды тесіп, ұрлықпен айналысып келгені анықталд.

Белгілі болғандай, «Қазтрансойл» АҚ-ның мұнай құбырларын күзетуі тиіс «КМГ-Секьюрити» ЖШС-ның қызметкерлері қылмыстық топ құрамында болып, 10-нан аса ұрлық әрекетіне қатысқан. Осылайша топтың мүшелері жүздеген тонна мұнайды жымқырғаны анықталды. Сыбайластар ұрланған мұнай өнімдерін Шымкент қаласындағы және облыс аумағындағы асфальтжәне битум өңдейтін зауыттарға саудалапты.

Сондай-ақ, көршілес облыстарға жеткізу арқылы өңделіп, контрабандалық жолмен көршілес елдерге шығарылып отырған. Ал, күні кеше ҰҚК мен прокуратура қызметкерлері бірлескен шара аясында қылмыстық топтың жолына тосқауыл қойылды. Құзырлы органның операциясы кезінде топтың 10 мүшесі қолға түсті. Олардың мұнай құбырларын тесіп, ұрлауға және тасымалдауға пайдаланылған техникалары мен тіркеме цистернасы бар көліктері тәркіленді. ъ

«ҚР Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1-2 тармақтары (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 188-бабы 3-4 тармақтары (Ұрлық, сондай-ақ 197 бабы 3-4 тармақтары (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу,сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) қарастырылған қылмыстардың белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында өткізілген жедел-іздестіру және жасырын тергеу әрекеттері мұнай өнмдерін ұрлауға бағытталған қылмыс схемасын әшкерелеуге мүмкіндік берді», — делінген ҰҚК ОҚО Департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

25 мамыр, 11:59
Қазақ қыздарына қайран қалмаймын
18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!
11 мамыр, 11:18
Қазақтың қайсар Қасымы
05 мамыр, 11:20
Соңғы "жорық"
04 мамыр, 14:50
Медиа форум - жаһандық пікірталас алаңы