Маңдайымен біріккен сиам егіздеріне операция жасалатын болды

22 қараша в 16:55 219 рет оқылды

Филиппин сиам егіздерінің екеуінің де өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, дәрігерлер оларды бөлу үшін операция жасайтын болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Синьхуа сілтеме жасап.

Джой және Джейси Магсино 10-20 миллион адамның бірінде ғана кездесетін маңдай краниопагына шалдыққан, яғни, сиам егіздерінің маңдайлары бірігіп туған.

Егіздерді Манилададағы орталық ауруханада жан-жақты тексеруден өткізген. Дәрігерлер операция жасау қауіпті болса да, сиам егіздерін бір-бірінен сәтті ажыратуға болады дейді. Қыздардың ата-анасы операцияға қажетті 99 400 долларды жинап жатыр.

Бұған дейін де осындай операциялар жасалған. Мысалы, АҚШ-та 30 топтан тұратын дәрігерлер 11 сағат бойы операция жасап, бастары біріккен егіздерді бір-бірінен ажыратқан болатын.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар