jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бір пәтердің құнына салынған дәретхана

22 қараша 2017, 16:12
191

Павлодарда екі жаңа қоғамдық дәретхана 11 миллион теңгеге салынды. Бұл қаражатқа қаланың орталығынан үш бөлмелі пәтер алуға болады, деп хабарлайды Today.kz.

Дәретханалар жұмыс істей бастады. Олар Гагарин саябағындағы ескі алаңда орналасқан.

Қалалық тұрғын үй-шаруашылық бөлімі дәретханалардың өзі 2,5 миллион тұратынын айтты. Қалған қаражат коммуникация жүргізуге кеткен.

«Қазіргі таңда дәретханалар «Коммун-сервис» мемлекеттік коммуналды кәсіпорнына берілді. Қазір жұмыс істеп тұр. 08:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Бір дәретхананың құны — орнатуымен бірге 5,4 миллион теңге», — деді Павлодар мемлекеттік коммуналды кәсіпорнының бөлім меңгерушісі Ержан Түсіпбеков.

Жаңа дәретхананың үш бөлмесі бар: бірі — ерлерге, екіншісі — әйелдерге, үшіншісі — мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Дәретханаға кіру құны — 50 теңге.

Павлодарда бұндай дәретхана алғаш рет 2016 жылы пайда болған. Ол кезде дәретхана бес миллион теңгеге салынды.

16 қараша, 15:03
Өткір мәселе өзекті өртейді
16 қараша, 13:56
Қашан да құнды
16 қараша, 12:21
Улы дәріден сақтаныңыз!
16 қараша, 12:09
Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр
16 қараша, 10:16
Бұл идея экономикаға қауіпті!
09 қараша, 14:53
Гүлзат Көбек: Арзанның жілігі татымайды
09 қараша, 14:36
Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады
09 қараша, 14:26
Айқайға қиқу қосып...