jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Селфи үшін токқа түсті

21 қараша 2017, 16:46
88

Ажал құштыра жаздаған селфи. Қарағандыда пойызға әдейі мінген екі жеткіншек, суретке түсеміз деп, тоққа түсіп қалды. Денелері қатты күйген 12 және 14 жастағы оқушының екеуі де қазір ауруханада. Біреуінің жағдайы тіпті ауыр. Жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Бұл туралы 31 телеарна хабарлады.

Оқиға Қарағандының темір жол стансасында болған. Суретке түсу үшін екі оқушы жүк вагонына мініп, электр сымдарына қолдарын байқамай тигізіп алады. Соның кесірінен тоқ ұрған жеткіншектер қатты күйіп қалған. Әсіресе, сымдарға жақын тұрған баланың жағдайы ауыр. Денесінің 63 пайызы күйген. Ал, екіншісінің жағдайы бірқалыпты.

АЙЖАН ИСА, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– Бет жағы және бүкіл оң жағы. Денесі енді. Қазір тек қана перевязка сондай жағынан көмек көрсетіліп жатыр. Енді бүкіл медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

16 қараша, 15:03
Өткір мәселе өзекті өртейді
16 қараша, 13:56
Қашан да құнды
16 қараша, 12:21
Улы дәріден сақтаныңыз!
16 қараша, 12:09
Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр
16 қараша, 10:16
Бұл идея экономикаға қауіпті!
09 қараша, 14:53
Гүлзат Көбек: Арзанның жілігі татымайды
09 қараша, 14:36
Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады
09 қараша, 14:26
Айқайға қиқу қосып...