Қытайда бесаяқты бұзау туды (видео)

21 қараша в 16:28 137 рет оқылды


Қытайдың Мулин қаласында орналасқан фермада бесаяқты бұзау туды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Артық аяқ бұзаудың қарын тұсынан өсіп шыққан. Бұл кемістігіне қарамастан бұзаудың денсаулығында еш ақау жоқ. Оның бұл кемістігін полимелия құбылысымен түсіндіруге болады. Артық өсіп шыққан сүйек эмбрионалдық даму кезіндегі өлген егіздің сыңарына тиесілі болуы мүмкін.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Американың Солтүстік Дакота штатындағы фермада алтыаяқты бұзау туған болатын. Сол кезде де артық аяқтың пайда болуына полимелия құбылысы себеп болған болуы мүмкін.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар