jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

38 жастағы тұрғын 11 жасар қызға азғындық сипаттағы хабарламалар жіберген

21 қараша 2017, 17:46
240

38 жастағы Талдықорған тұрғыны Whatsapp арқылы 11 жасар қызға азғындық сипаттағы хабарламалар жіберген.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, қыркүйек айының соңында Қаратал аудандық полициясына Үштөбе аулының тұрғыны 11 жастағы қызына белгісіз ер адамның мессенджер арқылы түрлі азғындық сипаттағы хабарламалар жіберіп отыратынын айтып, шағымданған. «Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің Оңтүстік Қазақстан облысына кеткені және өз туыстарына барып қайту үшін шекарадан өтпек болғаны анықталды. Осыған байланысты қызметтік іссапарға аттанған полицейлер ер адамды Шымкентте ұстады», — деп атап өтті облыстық ІІД баспасөз қызметі. Қазіргі таңда ҚР ҚК 124-бабы «жас балаларды азғындық жолға түсіру» бойынша тергеу жұмыстары басталды.

ҚазАқпарат

 

16 қараша, 15:03
Өткір мәселе өзекті өртейді
16 қараша, 13:56
Қашан да құнды
16 қараша, 12:21
Улы дәріден сақтаныңыз!
16 қараша, 12:09
Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр
16 қараша, 10:16
Бұл идея экономикаға қауіпті!
09 қараша, 14:53
Гүлзат Көбек: Арзанның жілігі татымайды
09 қараша, 14:36
Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады
09 қараша, 14:26
Айқайға қиқу қосып...