jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Украина «Ұлы Отан соғысынан» бас тартты

15 қараша 2017, 14:18
70

Украина радасы «Соғыс ардагерлерінің мәртебесі, оларды әлеуметтік қорғаудың кепілдіктері туралы» заңнан «Ұлы Отан соғысы» терминін алып тастау ұсынысын қолдады. Оның орнына «Екінші дүниежүзілік соғыс» ұғымы бекітілді.

Сейсенбі күні өткен отырыста 241 парламентарий аталған шешімді қолдап дауыс берді. Ал шешім қабылдануы үшін ең аз дегенде 226 дауыс қажет болатын.
«Заң мәтінінде «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы», «Ұлы Отан соғысы мен империалистік Жапониямен соғыс», «Ұлы Отан соғысы», «Ұлы Отан соғысы мен Жапониямен соғыс», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы мен 1945 жылғы империалистік Жапониямен соғыс» сөздері мен цифрлары «Екінші дүниежүзілік соғыс» сөзімен алмастырылсын», — делінген заңда.
Құжат Украина президентінің қол қоюына жіберілді. Заң ресми баспасөзда жарияланған күннен бастап үш ай өткен соң күшіне енеді.

sputniknews.kz

14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе
24 тамыз, 11:45
Тағдырмен тайталас