Ресейде ұшақ апатынан бір бала ғана тірі қалды

15 қараша в 11:34 53 рет оқылды

Хабаровск аймағының Аян-Майский ауданында ұшақ құлап, борттағы сегіз адам қаза тапты. Бір бала аман қалды, деп мәлімдеді аудан әкімшілігінің басшысы Алексей Ивлиев. Бұл туралы Интерфакс жазады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бортта болған адамдардың ішінде тек төрт жасар бала аман қалған.

«Хабаровские авиалинии» әуекомпаниясының L-410 ұшағына 19 адам сыяды. Аталмыш ұшақ Хабаровскіден Нелькан ауылына бағыт алған. Бұл бағыттың арақашықтығы — 1000 км.

Өңірлік ТЖМ хабарлауынша, ұшақ радардан жоғалып, бара жатқан жеріне екі шақырым қалғанда құлаған.

Ал, Риа Новости аталған ұшақ апатынан алты адам қаза тапты деген ақпарат беріп отыр.

«Нелькан әуежайына кіре бергенде ұшақ қатты тоқтап, Л-410 ұшағының корпусы қираған. Бортта бес адам, оның ішінде бір бала және экипаждың екі мүшесі болған. Алтауы қайтыс болды. Құтқарушылар баланы шығарып алып, Нельканның Орталық аудандық ауруханасына ауыр халде жеткізді», — деп жазды РИА Новости.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар