jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Өз әйелін өлтірген қылмыскер тұтқындалды

15 қараша 2017, 11:17
178

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы Қаратау ауданына қарасты Сайрам ауылында «өзге дінге кіргені үшін әйелін пышақтағанын» мәлімдеген Хайролла Нарметов қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ішкі істер департаменті күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Азаттықтың ресми сауалына жауап берген жергілікті қылмыстық полиция басқармасының бастығы Ибрагим Жолановтың мәліметінше, 12 қарашада таңғы сағат 09.05-те Сайрам ауылының ауруханасына «1986 жылы туған әйел адам пышақ дене жарақатымен» түскен. Полиция жәбірленушінің аты-жөнін жарияламады.

Полицияның хабарламасында: «Жарақат алған азаматша күйеуі Хайролла Нарметовпен жолыққан. Екеуінің арасында жанжал туындап, Хайролла Нарметов… пышағын әйелінің оң жақ көкірек тұсынан тығып алып, оқиға болған жерден бой тасалаған» деп жазылған.

Күдікті Хайролла Нарметов әйелімен болған жанжалдан соң түсірген видео үндеуінде «әйелін басқа дінге өткені үшін өлтірдім» деп мәлімдеген. Бұл видео 13 қарашада әлеуметтік желіге тарап кеткен еді.

Нарметовтің үстінен қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөліміне сәйкес «қасақана ауыр дене жарақатын салу» айыбымен іс қозғалған. Жараланған әйел Сайрам ауылындағы аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

13 шiлде, 14:43
Әлихан Бөкейхановтың ауылы
13 шiлде, 12:52
Журналистикаға оралуды армандадым
13 шiлде, 12:40
Топырақ иісі немесе қарашығында Қарағандысы қалған ұл
06 шiлде, 12:28
Мұқағали бейнесі әлі есімде
06 шiлде, 12:04
Алтын кеседегі көл "жасы"
06 шiлде, 11:52
Болат найза, немесе Тархан Жәнібек туралы не білеміз?
02 шiлде, 11:01
Мыс шаһардың бүгіні мен ертеңі
29 маусым, 11:38
Мойыл терген қыз, мойымай өткен ана