«Нұрлы жер»: құрылыс сапасы қалай бақыланады?

15 қараша в 10:52 14 рет оқылды

 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасының негізгі операторы «Бәйтерек» холдингі болып табылады. Осы бағдарлама бойынша жаңа үйлер «Бәйтерек девелопмент» АҚ («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) инвестицияларының есебінен салынады. Тұрғын үй объектілері құрылысының инвесторы ретінде компания өндіріс жұмыстарының кестесін қадағалайды, олардың ҚНжЕ-ге, ЖСҚ-ға сәйкестігін, сондай-ақ пайдаланылатын материалдардың және салынып жатқан үйдің сапасын бақылайды. 

Құрылыс-монтаждау жұмысының сапасына заңнамалы түрде жауапкершілік құрылыс компанияларына, авторлық және техникалық қадағалауға жүктелген. Бұлардың әрбіреуі өз функциялары, жұмыс бағыттары мен жауапкершілігі шегінде құрылыс объектісінде тәртіпті қамтамасыз етеді.

— Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудан басқа, компания құрылыс салушының жұмыс мерзімдері мен ҚНжЕ талаптарын сақтауды бақылайды – деді «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тілеубек Ілиясов. – Өңірлерде біздің өкілдеріміз – құрылыс алаңдарында тұрақты болатын және әрбір объектіде жағдай бойынша есеп беретін, техникалық қадағалау аттестаттары бар мамандар бар.

Қазір «Бәйтерек девелопмент» желісі бойынша Алматы, Шымкент, Семей, Өскемен, Көкшетау, Екібастұз, Петропавл қалаларында тұрғын үйлер белсенді түрде салынуда. Көп пәтерлі үйді тұрғызу үшін инженерлік коммуникацияларды өткізу мерзімі және көптеген басқа да факторларға қарай шамамен 12 ай уақыт кетеді. Осы уақыт аралығында авторлық және техникалық қадағалаудың өкілдері объектіде жұмыстың жүргізілуін бақылайды.

— Тұрғын үйді салу кезінде бұзушылықтар мен кемістіктер табылған жағдайда, өңірлік өкілдер техникалық және авторлық қадағалау мамандарымен бірлесе отырып, оларды жою талаптары бар актіні жасайды. Қарсы жағдайда, құрылыс салушыға үлкен айыппұл салынады. Тұрғын үй бағдарламасының әлеуметтік мәнін есепке ала отырып, «Бәйтерек девелопмент» АҚ объектілерді салу процесіне ұдайы мониторинг пен бақылауды жүргізеді және қажет болған жағдайда туындаған мәселелерді шешу бойынша жедел шаралар қабылдайды, сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен ынтымақтастықта жұмыс істейміз, — деді компания өкілі.

2017 жылдың 9 айында тұрғын үй құрылысының бағдарламасы бойынша 278 мың шаршы метр немесе 4 625 пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үйлер таза әрлеумен тапсырылды. Отандық өндірістегі сапалы құрылыс материалдарын қолдану тұрғын үй құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Әдетте, үйлер бетон қаңқадан, кірпіш қабырғалардан және заманауи қаптамадан тұрады.

«Объектіні пайдалануға қабылдау үшін авторлық және техникалық қадағалау өкілдерінің, тапсырыс беруші мен мердігердің қатысуымен арнайы комиссия құрылады. Біз дайын үйлерді қабылдаймыз. Тұрғын үйді пайдалануға бергеннен кейін құрылыс салушы екі жыл ішінде жасалған шарт бойынша объектіге кепілдендірілген қызметті көрсететіндігі маңызды. Яғни меншік иесінің мүліктік құқығы пәтерді сатып алғаннан кейін де қорғалатын болады», — деп түсіндірді компанияда.

 

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар