jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қанат Исламға «Канелоның» экс-қарсыласымен кездесу ұсынылды

15 қараша 2017, 10:12
314

Қазақстандық боксшы Қанат Исламға (25-0, 20 КО) WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін таласып көруге ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ықтимал қарсыласы ретінде британдық Лиам Смит (26-1-1, 14 КО) аталды. Смит Сауль Альварестің бұрынғы оппоненті (49-1-2, 34 КО). Айта кетейік, Смит қазір WBO-ның «уақытша белдігіне» ие: белдік толыққанды Мигель Коттоға (41-5, 33 КО) тиесілі. Котто 2 желтоқсан күні оны Садам Алимен (25-1, 14 КО) болатын айқаста қорғап қалуға тырысатын болады. «WBO Қанат Ислам мен Лиам Смиттің жекпе-жегін санкцияласын. Әлем чемпионы белдігі Котто Алиді жеңгеннен кейін бос болады», — деп жазады EspaBox.com журналисі Джулиус Джулианис. Еске салайық, Котто Алимен өтетін кездесуден кейін кәсіби мансабын аяқтауды жоспарлауда. Жекпе-жек 2 желтоқсан күні Нью-Йоркте өтеді.

Бүгін, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер