Ғасыр індетіне қарсы күрес науқаны

15 қараша в 13:00 15 рет оқылды

 Бүгін елімізде ЮНЭЙДС бастамашылық еткен «Менің денсаулығым, менің құқығым» деген ұранмен Дүниежізілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны басталды.  Ол барлық азаматтардың, оның ішінде АИТВ-мен өмір сүретін (ЛЖВ) және АИТВ-инфекциясының эпидемиясына шалдыққан адамдардың денсаулығын сақтауға құқығын түсіндіруге арналған.

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың Бас директоры  Бауыржан Байсеркин «Әрбір адамның денсаулығын сақтауға құқығы бар. Бұл дүниежүзілік науқан  – сапалы медициналық көмекке және дәрілік препараттарға кепілдендірілген қолжетімділік екендігін еске алуға шақырады. Біздің пациенттер                                                                                                                                                                                                                              АИТВ-мен өмір сүретін адамдар – үнемі осы құқықты пайдалана алу үшін барлығын жасауға тырысамыз», — дейді.

Іс-шара 15 қарашадан 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл күндері еліміздің барлық қаласында  денсаулыққа көңіл аударуға бағытталған акция, тренинг, дөңгелек үстел, флеш мобтар және басқа да іс-шаралар өтеді. Аймақтық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар ашық есік күнін өткізеді. Медиктер АИТВ-инфекциясының берілу жолы мен одан қорғану шарасы туралы айтады.

Іс-шара кезінде ЖИТС орталықтарының мобильдік зертханалары жұмыс істейтін болады. Мұнда әрбір адам қалауынша экспресс-тестілеу әдісімен өзінің АИТВ-мәртебесін біле алады. Тестілеу тегін, жасырын және құпия болады. Ақ халатты абзал жандар  консультация жасауға көмектесетін болады. Акция студенттер мен бизнес-құрылымдардың қызметкерлері арасында «АИТВ-ға тестілеуден өт» деген экспресс – тестілеумен өтеді.

Алматы қаласында С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен бірлесіп «АИТВ саласында қоғамдық денсаулық сақтау танымын оқыту және зерттеу» тақырыбында дәрігерлер семинарын және халықаралық қатысумен  «Антиретровирусты терапия фокусы» деген шебер-сыныбын өткізу жоспалануда.

Дүниежүзілік науқан өткізу бойынша ЖИТС РО және аймақтық ЖИТС орталықтары серіктестерінің қатарында – ЮНЭЙДС, ЖИТС-ке,  туберкулезге және безгекке қарсы күресу Ғаламдық қоры, ЮСАИД, Қазақстандық АИТВ-мен өмір сүретін адамдар одағы, Орталық-Азиялық АИТВ-мен өмір сүретін адамдар ассоциациясы, басқа да Денсаулық сақтау басқармалары бар.

Дүниежүзілік науқанның өзектілігі – әлемде АИТВ-инфекциясы эпидемиясының даму үрдісіне және сандарына ерекше көңіл аударуында. ЮНЭЙДС деректері бойынша, алдағы ондаған жылдарда жаңа АИТВ жағдайының артуы Шығыс  Еуропа және Орталық Азия елдерінде тіркелетін болады. Бұл үрдіс біздің елде де байқалады. Елімізде бүгінгі таңда АИТВ-мен өмір сүретін 20556 адам тіркелген. Соңғы бес жыл ішінде бұл сан 1,5 есеге ұлғайды, бұл ретте жыныстық берілу жолының артуында тұрақты үрдіс байқалады. Соңғы он жылда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өлімі  2,5 есеге қысқарды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 80% -ы ЖИТС-тен емес, үйлескен АИТВ-инфекциясынан қайтыс болады.  ЖИТС қызметінің соңғы он жыл ішінде жеткен басқа да жетістігі анадан балаға АИТВ-инфекциясының берілу деңгейі төрт есеге төмендегені болды. АИТВ-инфекциясы бар жүкті әйелдер 98%-да дені сау баланы туады. Елімізде тестілеудің қолжетімділігін арттыру мақсатында аймақтық ЖИТС орталықтарынан үкіметтік емес секторға экспресс-тестілеуді біртіндеп беру процесі басталды.

Қазіргі таңда көптеген әлемдік тұрақты даму мақсаты, қалай болғанда да, денсаулыққа байланысты. ЖИТС эпидемиясының тоқтауын қоса алғанда, тұрақты даму мақсаты, 2030 жылға қарай қоғамдық денсаулық сақтау саласы үшін қауіп-қатер ретінде, едәуір дәрежеде денсаулыққа құқықты қамтамасыз етуге байланысты болады.

Ұлжалғас Боранбай

 

 

 

 

 

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар