Дәрігерлер күйеуі пышақтап тастаған әйелдің жағдайын айтты

15 қараша в 08:04 483 рет оқылды

Шымкентте күйеуі пышақтап тастаған әйел тілге келді. Екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан азаматшаны дәрігерлер бүгін палатаға ауыстырды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілішісі.

Дәрігерлердің айтуынша, келіншектің қазір жағдайы жақсарған.

«Пышақ жарақаты азаматшаның көкірегінің оң тұсына енген. Бауырына зақым келіп, көп қан жоғалтқан. Науқасқа шұғыл түрде ота жасалды. Қазір жағдайы жақсарған», — дейді дәрігер Бауыржан Оспанов.

Ауыр жарақат алған азаматша тілге келгенімен, оқиғаның мән-жайын айта алмай отыр. Келіншектің жақындары күндіз-түні ауруханада қарауылдап жүр.

Олар бұзақы күйеу баласы қыздарына тағы да қастандық жасамай деп қорқып отыр.

Сондай-ақ келіншектің туыстарының айтуынша, күдікті азамат қамауға алынған. Бұл ақпаратты ОҚО-ның ІІД-де растап отыр.

«Орын алған оқиға Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігімен (қасақана ауыр дене жарақатын салу) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеуге алынды. Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ жедел іс-шаралар жүргізу барысында іс бойынша күдікті Х.Нарметов анықталып, тергеуге жеткізілген.

Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — дейді ОҚО ІІД.

Еске сала кетейік, Шымкентте ер адам өз әйелін аяусыз пышақтап тастаған айтып, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар