jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Әйелін пышақтап тастаған жігіттің анасы жылап тұрып оқиғаның мән-жайын айтты

15 қараша 2017, 11:55
1109

13 қараша күні тапа-тал түсте әйелін пышақтап, қансыратып көшеге қалдырған сақалды жігіт Хайрулла Нарымбетовтың анасы тілшілерге пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі Еуразия арнасының жаңалықтарына сілтеме жасап.

Қамауға алынған Хайрулла Нарымбетов Жәмила Нарымбетованың жалғыз ұлы екен. Келінімен ұлының отау құрғандарына 11 жылдың жүзі болғанымен, жақында ажырасып тынған. Умида екі баласын алып төркініне кетіп қалыпты. Ал Хайрулла құрылыста жалданып жұмыс істеп жүрген.

«Умиданың шешесі жиі келіп жағдайларың жоқ, үйлерің суық деп сөге беретін. Ақыры алып кетті қызын. Қанша рет бардым артынан «үйге қайт» деп. Жағдай жоқ болса жастар өздері жасамай ма? Менің балам сөз тыңдайды. «Кел, бірігіп жұмыс істеп, жағдай жасайық» десе көнеді ғой. Хайрулланы осы күйге, мына жағдайға түсірген мамасы мен келінім», — деп жылады жалғыз басты ана.

Әйелін пышақтаған сақалдының әңгімесі ауыл арасына тарап кетіп, кейбірі қой мінезді Хайрулладан ондайды күтпегенін айтып жүр.

«Өзі айтып жүретін менің басыма бірдеме болды деп. Бір нәрсе себеп болды немесе әйелі қатты ашуландырған ғой. Біз одан ондай оғаш қылық күтпедік. Сене алмай жүрмін», — дейді көршісінің бірі.

Естеріңізге сала кетсек, шымкенттік сақалды жігіт әйелін христиан дініне кіріп кеткені үшін пышақтағанын айтып, видео түсіріп әлеуметтік желіге салған еді. Қансыраған әйелін көшеге тастап кеткен. Оны жолда өтіп бара жатқан біреу көріп қалып, көлігімен №1 Шымкент қалалық ауруханасына жеткізіп, дәрігерлер шұғыл ота жасаудың арқасында аман алып қалды.

1983 жылы туған күдікті қазір Шымкент қаласы Қаратау аудандық ІІБ қамауда отыр.

Бүгін, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер