jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ресейден қайтарылған Байқоңыр жеріне үйлер салынбақ

14 қараша 2017, 22:41
49

Ресей Байқоңырдың кей жерлерін Қазақстанға қайтарғанмен, ғарыш айлағынан кетпейді. Келісім-шартқа сәйкес Роскосмос 2050-ші жылға дейін Қазақстан аумағынан зымырандарын ұшыра бермек.Бұл туралы ktk.kz мәлімдеді.

 

 

 

Ресейдің Челябі қаласында өткен өңіраралық кездесуде Байқоңырдың 11 жарым мың гектар жері кері қайтарылатыны белгілі болды. Жерді қайтарып алу туралы өтінішті Қазақстан тарабы өзі білдірді дейді Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі. Жақын арада ғарыш айлағының тағы үш алаңы өзіміздің бақылауымызға өтеді. Ресейдің жалдап отырған жері тарылғанымен төлейтін ақшасы сол қалпы, жылына 50 миллиард теңге көлемінде өзгеріссіз қалады. Ал өз уысымға түсетін 11 мың гектар жер зиянды қалдықтардан тап-таза дейді Атамқұлов. Енді бұл участіктерге жарық, су, газ тартып халықтың үй салуына жағдай жасалмақшы.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Халықтың да саны өсті. Құрылыс та жүріп жатыр. Халыққа да жер керек қой. Одан кейін инфрақұрылым өткізу керек. Соның барлығына Қызылорда облысының әкімшілігімен келісім жалдан жерді қайтарып жатырмыз. Ешқандай қауіп жоқ. Ол деген Төретам мен Ақайдың төңірегіндегі жер. Ол таза жер.

18 маусым, 11:45
"Жалбаңдап жан баққанша, қайыр сұрағаным артық"
14 маусым, 18:55
Жауһардан да қымбат қазан
14 маусым, 18:47
Мүсіреповке муза болған актриса қарттар үйін паналап жүр
25 мамыр, 11:59
Қазақ қыздарына қайран қалмаймын
18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!