Көкшетауда бюджеттің миллиондарына жөнделген «алтын шатырға» қатысты үлкен дау шықты

14 қараша в 23:51 28 рет оқылды

«Алтын шатыр»! Көкшетау қаласында тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуге 32 миллион теңге кеткен. Енді осы қаржыны 12 жыл бойы өз қалталарынан төлейтін тұрғындарға бұл ақшаның қалай жұмсалғанын әзірге ешкім түсіндірмей отыр. Жұрттың атқарылған жұмыстың есебін сұрап дүрлігуіне себеп те жоқ емес. Айтуларынша, жөндеуіне соншама қаржы кеткен шатырдың сапасы сын көтермейді, деп хабарлады ktk.kz.

Қала орталығындағы көпқабатты бұл үй осыдан 31 жыл бұрын пайдалануға берілген. Шатыры тозып, шынымен жөндеу қажет болыпты. Бірақ, тұрғындарды 12 жыл қарызға батырып, қыруар қаржы жұмсалатынын оларға ешкім түсіндірмеген. Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу болатынын бізге ешкім айтқан жоқ дейді. Ал жұмыс біткен соң шатырдың сапасын көріп, тұрғындар шалқасынан түскен. Олар шұрық-тесік жерлерді жөндеу жүргізген компания басшысының көзіне шұқып көрсетті.

Шынымен маусым айында ғана тапсырылған нысанда тесік жерлер көп. Қар аралас жаңбырда ішіне әжептәуір су аққан. Олар ертең қыста мұнда қар толып ктетеніні айтуда. Ал шатырды жөндеуге кеткен 32 миллионды ай сайын төлеп қайтарудан қашпаймыз дейді тұрғындар.

Андрей Калов, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Төлемейміз деген сөз жоқ! Тек 32 миллионға мынадай шатыр жасады дегенге сенбей тұрмыз. Бұл не, алтын шатыр ма?! Бізге есебін берсінші? Мынаның сапасына алаңдаулымыз.

Тұрғындар атқарылған жұмыстың есебін талап етіп құзырлы органдарға шағым түсірген. Әзірге жауап алмапты. Ал шатырды жөндеуге тапсырыс берген пәтер иелері кооперативі екен. Оның басшысының ойынша, тұрғындар әдейі щулап жүр. Бұлардың бар көксегені бәрібір де қаржыны қайтармау дейді Райхан Оразбаева.

Райхан Оразбаева, «Достық» ПИК төрайымы:

-Олар әдейі шу шығарып жүр. Осыларға не керек екенін түсінбей-ақ қойдым. Арандатып, әдейі істеп отыр. Шатыр тозып, су кетті. Енді жаңасын жасап берді. Төлегілері келмейді, сол үшін шулап жүр. Өздері қол қойды ғой.

Шатыр салған мердігер компания «Крофас» серіктестігінің директоры Ғалымжан Жүсіпбеков те жұртқа жұмыс сапалы жүргізілді дегенді қайталап айтумен әлек. Қаржыландырып әрі қабылдап алған мекеме де бұл ғажап шатыр деп отыр.

Тимур Перерва, Бірыңғай есептеу орталығының директоры:

Б-ұл – Көкшетаудағы ең керемет шатыр. Мердігердің 3 жыл кепілдігі бар. Кем-кетігі болса, осы уақытта жөндейді ғой. Тұрғындардың есеп сұрағандары қызық екен. Өздері құрылыстың басы-қасында болып, келісіммен жасалған жоқ па? Егер олар келіспесе, ақша бөлінбес еді.

-Шатырдан төменге жіберілген суағарлар да тым осал әрі дұрыс орналастырылмаған. Баспалдақтан түсісімен осыдан аққан суды басып өтуге тура келеді. Алғашқы суық түскенде-ақ бұл жер мұзға айналып, талай адам сүрініп жығылған екен.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар