Құлақтандыру

14 қараша в 16:26 41 рет оқылды

2017 жылғы 15 қарашада сағат 10:00-де «Қазақпарат» ХАА — www.inform.kz сайтында, сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ және Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығының Facebook-ғы ресми парақшасында Қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің Компаниялар тобындағы жас қызметкерлермен кездесуінің онлайн-көрсетілімі басталады. Кездесу «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытында өтеді.

Іс-шараны «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы жастардың сарапшылық-консультативтік кеңесі аясында Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы ұйымдастырып отыр. Кеңес ішкі және сарапшылық коммуникацияларды дамытуға, қызметкерлерді стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға тартуға бағытталған алаң.

Қор басшылығының компаниялардағы жас көшбасшыларымен кездесуінде трансформация және жекешелендіру бағдарламаларының, кадрлық және әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы кеңінен талқыға салынады. Сонымен қатар өзгерістерді басқару бойынша шеберлік сыныбы өткізіледі.

Кездесу барысында келесі тақырыптарды қарастыру жоспарланған:

— «Шалқия» жобасының жүзеге асырылу мәртебесі;

— Қазақстандағы базалық мұнай химияны қайта жаңғырту және дамыту;

— Шығыс транзиті: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер;

— Жас мамандарды қолдау;

— Компаниялар тобында «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасының жүзеге асырылуы.

Спикерлер:

1. Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы

2. Мәжит Тұрмағамбетов, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ басқарма төрағасы

3. Мейрамғали Тілеужанов, «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының директоры

4. Ғабит Закария, «KPI Inc.» ЖШС басқарма төрағасы

5. Рабиға Омарова, «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі басқарушы директор

6. Серік Жарқынбаев, «KEGOС» АҚ өндірістік-технологиялық департаментінің директоры

7. Айдар Нұрланов, «Тау-Кен Алтын» ЖШС алдын ала балқыту цехының инженер-технологы

8. Жарқын Сәрсенғалиев, «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасының қатысушысы

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар