Әйелін өлтіргенін айтып, видеода мақтанды

14 қараша в 14:47 1 185 рет оқылды

Шымкентте өз әйелін аяусыз пышақтап тастаған қатыгез ер адам өзін видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген. 1983 жылғы азамат бұл қадамға не үшін барғанын да түсіндірді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Күдікті жігіт өзі түсірген бейнежазбада келіншегінің жат ағымға кіріп кеткенін мәлімдеген. Алайда келіншектің жақындары бұл ақпаратты теріске шығарып, керісінше әйелін аямаған азаматтың өзі өзге ағымның жетегінде екенін алға тартуда.

Ерлі-зайыптылар алты ай бұрын ажырасқанмен, ер азамат келіншегіне күн бермей, қорлық көрсетіп келген. Әдеттегідей таңертең жұмысқа бармақшы болған әйелін аңдыған жігіт оны жолдың қақ ортасында пышақтап кетіпті.

Ауыр жарақат алған азаматшаның жақындары күдіктінің бұл әрекетке әйелімен қосылмағандығы үшін барғанын айтады.

«Умида қасына жатпайтын. Ол оны пышақпен қорқытып, жатқызғысы келетін. Екеуі ажырасып кеткен. Бірақ күйеуі тыныштық бермей, қорқытып жіберген.

Ақыры аңдып, пышақтап тастады. Әділ жазасын алсын дейміз. Ер кісінің өзі сектаға кіріп кеткен сияқты. Сақалын, шашын өсіріп, ала бұжақ болып жүреді», — дейді жәбірленуші азаматшаның жақыны Гүлзат Даулетбаева.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар