Жеңгесінің шашын тақырлап тастаған бойжеткен елдің ашуына тиді

19 қазан в 17:15 1 796 рет оқылды

Жеңгесі орамал тақпағаны үшін жазаламақ болып, шашын тықырлап алып тастаған бойжеткеннің ісі желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары қайынсіңлісінің бұл әрекетін адамгершілікке жат қылық екенін айтып шуласты. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Istagram желісіндегі «Әйел бақыты» деп аталатын парақшада атын жасырын қалдырмақ болған бойжеткеннің әңгімесі жарияланды.

«Қайырлы күн! Ауылда менің 94-ші жылғы жеңгем бар. Өзім 90-ші жылғымын. Жеңгем орамал тақпайды, үнемі шашы тамаққа оралып жүреді. Үйдегілерді сыйламайды. Тек бетін бояп, шашын тарамайды. Әр барғанда ескертіп жүрдім, тыңдамайды өзінше, Бір күні қаладан айтпай бардым. Барсам, баяғы әдеті. Содан жыным келіп, ағаларымның ұстараларын алып, қайшымен ойып-ойып, артынан ұстарамен қырып тастадым», — деп ағынан жарылды бойжеткен.

Оның айтуынша,жеңгесі тым нәзік болғасын оған шамасы келмеген.

«Өзі нәзік, мен 85 келімін, оның үстіне отырып, алып тастадым. Кей жері қанап қалыпты, ол жылап жатыр. Мен оны ұрған жоқпын, тек шашын алдым. Кешке ағам келді. Әйеліне қарап: «Молда болып қалыпсың ғой, қалай орамал тағып қалдың», — деді. Сөйтсек жеңгем: «Ерке қыз әкеп беріпті», — деп күледі. Бәріміз ду күлдік. Қазір 5 айдан асты, кішкене өсіп қалыптышашы. Бірақ, орамалын тастамайды, шүкір», — деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары болса, жеңгесінің орамал тақпағанын басқа жолмен емес, қатыгездікпен орындатқан бойжеткенше ашуланып, жағымсыз пікірлерін жаудырды.

«Өзің де келінсің, қызсың, ондайға қалай дәтің барды», «Өзімнің ісім дұрыс екен деп отырсың ба? Ұят қой», «Қайта үндемейтін, момын келін екен», — деп жазды олар.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар