jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Оқушы сыныптасын ұрғаны үшін 400 мың теңге төлейді

19 қазан 2017, 16:12
215

Астана мектептерінің бірінде сабақ арасындағы үзіліс кезінде оқушы сыныптасын соққыға жыққан. Сот моральдық өтемақы ретінде 400 жүз мың теңге өндіруге үкім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Patrul.kz-ке сілтеме жасап.

Cот-медициналық сараптама жасөспірім М.-ның сол қолының білек және шынтақ сүйегі сынғанын және айналасы жырымдалғанын анықтады. Соққы доғал қатты затпен жасалған және өмірге қауіпті критерий бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіру ретінде бағаланып отыр. Зардап шегушіге күрделі ота жасалды және алдағы уақытта тағы да ота жасау қажет.

«Азаматтық кодекстің 926-бабы 1-тармағына сәйкес, он төрттен он сегізге дейінгі кәмелетке толмағандар залал келтіргені үшін жеке жауапкершілік алады», — деп жазылған Астана қаласы сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Егер жасөспірім шығынды өзі өтей алмаса, оны ата-анасы немесе заңды өкілдері төлеуі тиіс.

«Астананың Алматы аудандық соты моральдық шығынды өтеу есебінен зардап шегушіге 400 000 теңге өндірді. Шешім заңды күшіне енді», — деп хабарлады сот.

18 маусым, 11:45
"Жалбаңдап жан баққанша, қайыр сұрағаным артық"
14 маусым, 18:55
Жауһардан да қымбат қазан
14 маусым, 18:47
Мүсіреповке муза болған актриса қарттар үйін паналап жүр
25 мамыр, 11:59
Қазақ қыздарына қайран қалмаймын
18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!