Астана тұрғыны намысына тиген адамның көзіне қайшы тығып алған

19 қазан в 13:09 194 рет оқылды

Астана тұрғыны намысына тиген адамның көзіне қайшы тығып алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, астаналық тұрғын жанжал кезінде жәбірленушінің көзіне қайшы тығып алған.

«2017 жылғы сәуір айында Астанадағы тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде Б. Мен Н. арасында кикілжің болады. Содан кейін Б. азамат Н.-ға ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтады. Н. болса қарсылық білдіріп, оны есікке қарай итермелейді. Сол кезде Б. маникюрге арналған қайшыны алып, Н.-ның сол жақ көзіне қасақана тығып алады. Соның салдарынан азамат Н. бір көзінен айырылған», — деп жазылған хабарламада.

Астана қаласындағы Алматы аудандық №2 сотының үкімімен азамат Б. ҚР ҚК 106-бабы, 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Үкім заңды күшіне енді.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар