jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мексикада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 248 адамға жетті

20 қыркүйек 2017, 16:46
71

Мексикада жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 248 адамға жетті. Ел билігі табиғи апаттан көз жұмғандар саны артуы мүмкін екенін ескертті, себебі іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Мексикада болған күшті зілзаладан 248 адам ажал құшты. Бұл туралы Ұлттық апатты-құтқару қызметінің басшысы Луис Фелипе Пуэнте твиттердегі парақшасында жазды.

Жергілікті билік іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын, сондықтан қаза болғандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін ескертті. Қазір құтқарушылар үйінділерді аршып, қираған үйлердің астында қалған адамдарды құтқаруда.

Магнитудасы 7.1-ге тең жер сілкінісінің салдарынан елде ондаған ғимарат құлап, жермен жексен болды. Ел билігі Мексика астанасы Мехикода төтенше жағдай режимін жариялады.

18 маусым, 11:45
"Жалбаңдап жан баққанша, қайыр сұрағаным артық"
14 маусым, 18:55
Жауһардан да қымбат қазан
14 маусым, 18:47
Мүсіреповке муза болған актриса қарттар үйін паналап жүр
25 мамыр, 11:59
Қазақ қыздарына қайран қалмаймын
18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!