Динара Сәтжан: Латын әліпбиіне өту қазақ пен шала қазақты біріктіреді

20 қыркүйек в 17:58 61 рет оқылды

Бұл туралы Динара Сәтжан бүгін Астанада өткен қоғам белсенділерінің қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуін қолдау Манифесін таныстыру барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Латын әліпбиіне көшу – қазақтар мен шала қазақтарды біріктіреді. Себебі жеке өзім үшін қазақ тіліндегі қысқа хабарламаларды латын әріптерімен жаза салу ыңғайлы болды. Мен балабақшада да, мектепте де, университетте де орысша оқыдым. Бірақ қазіргі кезде туған тілімде сөйлеуге тырысып жүрмін. Ал латын тілі маған ана тілімді үйренуде қолдау көрсетіп отыр. Менің ойымша латын әліпбиі екі түрлі ортаны біріктіретін болады» — деді Динара Сәтжан.

Сонымен қатар ол қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолдау туралы Манифестке кімдер қол қойғандығын айтып берді.

«Менің ойымша бұл Манифеске қоғамда өз орны бар, қазақ елінің болашағына немқұрайлы қарамайтын, өз елі үшін күніне бір жақсылық жасап жүретін адамдар қол қойды» — дейді Динара Сәтжан.

Манифестке қол қойғандардың қатарында Берік Әбдіғали, Ермұрат Бәпи, Әуесбайдың Қанаты, Ғалым Байтук, Есен Елеукен, Қуат Домбай қатарлы 25-ке жуық адам бар.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар