Баян Мақсатқызы: Екінші рет ажырассам, тағы да кітап жазамын

20 қыркүйек в 14:35 1 682 рет оқылды

Баян Мақсатқызы сұхбаттарының бірінде екінші рет ажырасып жатқан жағдайда кітап жазуы мүмкін екенін айтып әзілдеді.

Бұл туралы aktobetimes.kz басылымы хабарлайды.

– Тағы да кітап жазу жоспарыңызда бар ма?

– Алдағы уақытта мұндай жоспарым жоқ. Бәлкім, тағы ажырасып қалсам жазармын. (Күлді.)

– Кітап сюжетімен фильм түсіру ұсынысы түссе ше?

– Меніңше, бұл кітап желісімен фильм түсіргеніміз артықтау. Десе де, осы күнге дейін режиссерлер хабарласып, маған ұсыныс білдірді. Сол себепті, ешқашан ешқашан деп айтпауға тырысамын.

– Өзіңізді қай салада жақсартқыңыз келеді?

– Меніңше, жаратқан менің өмірімді текке сақтап қалған жоқ. (Күйеуімен болған оқиғадан кейін.) Менің қоғаммен етене араласып, шығармашылығымның дамуына жол ашылған сияқты.

– Желідегі жағымсыз пікірлермен қалай күресесіз?

– Менде кез келген негативке жауап қайыра алатындай имунитет қалыптасқан. Ол мені мықты немесе мейірімді етеді деп айта алмаймын. Ол бар болғаны өмірімнің бір бөлігі. Мысалы, сіз өмір сүріп жатырсыз. Әкеңіз бен анаңыз бар дегендей. Сіз осының барлығына үйреніп қалдыңыз ба? Бұл сіз үшін қалыпты өмір салты. Сол сияқты мен үшін де негатив қалыпты құбылысқа айналып барады. Соңғы бірнеше айда желіде пікірді бұғаттап жүрмін. Себебі, маған жұрттың мен туралы не ойлайтыны маңызды емес. Бәлкім өзім өмір бойы күткен үйлесімділікті енді тапқан шығармын.

stan.kz

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар