«Тіл шебері-2017» республикалық конкурсы өтеді

19 қыркүйек в 18:37 117 рет оқылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2017» республикалық конкурсын өткізеді.

 

Конкурстың мақсаты: Жаһандық өркениет пен еліміздің даму бағытына сай үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, жан-жақты білімді, өзінің саласында кәсіби құзырлы мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау көрсету;

Конкурс үш аталымнан тұрады:

1) «Тұсаукесер» – тапсырылған тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу;

2) «Ұлттаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап беру.

3) «Өнертаным» – үш түрлі жаңылтпашты жаңылмай үш рет айту.

Байқау жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

Қатысушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, Астана қаласының зиялы қауым өкілдері.

Өтетін уақыты: 2017 жылғы 27 қыркүйек

Іс-шараның басталуы: 14.00 сағ.

Өтетін орны: Астана қ., Керей, Жәнібек Хандар көшесі, 18, Тілеп Қобыз Сарайы

Байланыс телефондары: 8 (7172) 408397

8 7089234164

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар