Туған күнінде торттағы шырақты өшірмек болған қыз өртеніп кете жаздады (видео)

14 қыркүйек в 11:19 54 рет оқылды

Туған күнінде торттағы шырақты өшірмек болған қыз өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ға сілтеме жасап.

Оқиға Аргентинада болған. 11 жастағы қыз бала туған күнін тойламақ болып, дос-жарандары мен туыстарын жинайды.

Көңілді думанның соңы туған күндегі дәстүрлі рәсімге кезек бергенде оқыс оқиғаға ұласады. Қыз бала торт бетіндегі шырақты үрлеп өшірмек болғанда, қаумалап тұрған балалар сұйық серпантинді шашып қалады да, ол жанып тұрған майшамға тиеді. Майшамнан шашыраған от қыз баланың шашына тиіп, лап ете қалады. Шу ете қалған жұрт жандәрмен қыздың шашындағы өртті сөндіруге тырысады.

Қыздың қаншалықты зардап шеккені белгісіз.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар