Тоқаев Сенат төрағасы болып қайта сайланды

14 қыркүйек в 12:23 20 рет оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы болып қайта сайланды. Тоқаевты Қазақстан Президенті ұсынды.

Бұл туралы Сенаттың пленарлық отырысы барысында айтты. Жабық дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Еске сала кетейік, 13 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Тоқаев Парламент Сенатының депутаты болып қайта сайланған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев 2013 жылдың 16 қазанынан бастап Сенат төрағасы қызметін атқарған еді. Премьер-министр, сыртқы істер министрі, БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ бөлімінің бас директоры қызметтерінде болған.

Tengrinews.kz

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар