jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Театр төрінде – оқушылар

14 қыркүйек 2017, 15:35
94

 «АРТиШОК» танымал театрының сахнасында алғаш рет «Айна» қойылымының премьерасы өтті. Спектаклдің сценаристі, режиссері мен әртістері – Алматы қаласының оқушылары. Сюжет шынайы өмірден алынып, жаңа оқу жылы қарсаңына орай қойылды.

Мұндағы басты мақсат – балалардың жауапкершілік мәселесі мен сыныптастар арасындағы қарым-қатынасын, нағыз достық пен өмірдің мәнін ашық көрсету. Бұл көшбасшылық үшін талас, жаңа ортаға бейімделу, өзін көрсете білу барысында жақсы көрініс табады. Сондай-ақ қойылымды «Шеврон» компаниясымен «Білім- Орталық Азия» білім беру орталығы біріге отырып «Болашақ – менің таңдауым!» жобасы аясында жүзеге асырған. «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмұханова «Білім беру бағдарламасының аясында біз инновациялық тәсілді қолдана отырып, балаларға өмірге қажетті машықты үйретіп, қоғамның беделді мүшесі болуына көмектесеміз»,- дейді.

Салтанат Шырынхан 

18 маусым, 11:45
"Жалбаңдап жан баққанша, қайыр сұрағаным артық"
14 маусым, 18:55
Жауһардан да қымбат қазан
14 маусым, 18:47
Мүсіреповке муза болған актриса қарттар үйін паналап жүр
25 мамыр, 11:59
Қазақ қыздарына қайран қалмаймын
18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!