jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шортандыда баспанасыз әйел үсіп өлді

14 қыркүйек 2017, 13:13
141

 Ақмола облысында үйсіз әйелдің өлі денесі табылды, алдын-ала мәліметтер бойынша ол үсіп өлген, деп хабарлады Sputnik Казахстан тілшілеріне аймақтағы Ішкі істер департаментінің баспасөзқызметі.

Мекеме мәліметтері бойынша Бурабай АІІД 13 қыркүйек күні таңғы сағат 10.00 Шортанды тұрғыны қоңырау шалды. Ол қираған бес қабатты тұрғын үйден әйелдің денесін тауып алған.

Оқиға орнына келген полицейлер тұрғылықты мекен жайы жоқ 47 жасар әйелдің қайтыс болғанын анықтады.

Алдын ала болжам бойынша әйелді үсік шалған. Мәйіттің денесі сараптама жасау мақсатында мәйітханаға жөнелтілді.

ТЖД мәліметтері бойынша Ақмола облысында 12 – 13 қыркүйекке қараған түні – 3 градусқа дейін үсік болжанған еді.

 

20 сәуiр, 12:38
Салқыны санкцияның басылмай тұр
20 сәуiр, 12:06
М.Жүнісова: Нота ұрлап, әуен құрап, ән жазатындар бар
20 сәуiр, 11:58
Артқы аяқ пен алдыңғы аятың бар екенін білдік
20 сәуiр, 11:53
Сүф-сүф, субсидия!
30 наурыз, 12:30
Әсет Иманғалиға қару кезенген кім?
30 наурыз, 12:15
Сайқымазаққа сыйынатындар тұлғаңа түкіреді
17 наурыз, 12:00
Кәрі солдат
17 наурыз, 11:30
Қаламы – қылыш, қағазы – қалқан