ФИФА рейтингінде Қазақстан құрамасы Қырғызстаннан төмен тұр

14 қыркүйек в 15:30 26 рет оқылды

Бүкіләлемдік футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы 21 сатыға төмен түсіп, Қырғызстаннан төмен тұр, — деп хабарлайды Vesti.kz. Жаңа рейтинг ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Бұрынғы рейтингтен соң Александр Бородюктің шәкірттері ресми түрде екі рет ойын өткізді. Әлем чемпионаты-2018 іріктеу кезеңінде қазақстандық футболшылар өз алаңында Черногориядан (0:3), ал қонақта Польшадан (0:3) ұтылды.

Жаңа тізбекте Қазақстан 126-орынға түсті. Қырғызстан бұл тізімде — 122-орында.

ФИФА рейтингісінің бірінші ондығында да өзгерістер болды. Германия өзіне көшбасшылықты қайтарып алды, Бразилия — екінші орын. Үшінші орында — Португалия. Ресей 62-шіден 64-ке түсті.

14 қыркүйекте шыққан ФИФА рейтингі:
1 (2). Германия — 1606 ұпай
2 (1). Бразилия — 1590
3 (6). Португалия — 1386
4 (3). Аргентина — 1325
5 (9). Бельгия — 1265
6 (5). Польша — 1250
7 (4). Швейцария — 1210
8 (10). Франция — 1208
9 (7). Чили — 1195
10 (8). Колумбия — 1191,
…126 (105). Қазақстан — 254.

 

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар

Бүгін, 15:54

Атажұртты аңсау