jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақ күресі Азия ойындары бағдарламасына енгізілді

14 қыркүйек 2017, 17:16
84

Балуандарымыз тұңғыш рет қазақ күресінен жабық Азия ойындарында өнер көрсетеді.

Түркменстанның астанасы Ашхабадта 17-27 қыркүйек аралығында өтетін V жабық Азия ойындарында қазақ күресінен үш салмақ дәрежесінде балуандарымыз ел намысын қорғайды. Олар: Қасымхан Түленбаев (70 кг), Әділжан Ыстыбаев (90 келі) және Айбек Нұғымаров (+90 кг). Осы орайда айта кетейік, төл күресімізді осы жарысқа қосу мәселесі өткен жылы Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлері жөнінде өткен форумда шешілген болатын. Ал биыл Бүкіләлемдік күрес одағының (United World Wrestling) президенті Ненад Лалович пен Азия Олимпиада кеңесінің президенті Шейх Ахмед әл-Фахад әл-Ахмет әл-Сабах ұлттық күресімізді 2017 жылғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу келісіміне қол қойды.

ҚазАҚпарат

18 маусым, 11:45
"Жалбаңдап жан баққанша, қайыр сұрағаным артық"
14 маусым, 18:55
Жауһардан да қымбат қазан
14 маусым, 18:47
Мүсіреповке муза болған актриса қарттар үйін паналап жүр
25 мамыр, 11:59
Қазақ қыздарына қайран қалмаймын
18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!