Ақылбек Жеменей ауруханаға түсіп қалды

14 қыркүйек в 12:26 652 рет оқылды

«Қызыл өрік» хитінің орындаушысы Ақылбек Жеменей аяғын сындырып, ауруханаға түсіп қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әнші Instagram желісіндегі ресми парақшасында төсек тартып жатқан суретін жариялап, «Аяқты абайлайық жігіттер!» деп жазба қалдырды. Орындаушының өкілі оның екі күн бұрын көліктен түсіп жатқанында аяғын сәтсіз басып, тобығы тайып кеткенін айтты. «Тайып кеткен, тобығы және тобығынан жоғары. Дәрігерлер бір аптасыз тұра алмайды деп жатыр. Оқиға болған күні шұғыл Ақтаудан Алматыға жеттік. Сосын ота жасатты. Жасатқанына екі күн болды. 10-15 күнде бітіп кетеді деп ойлаймыз», — деп пікір білдірді әртістің әкімшісі. Бұл жағдайға байланысты әншінің өкілі барлық шақыртудан бас тартып, жоспарларын кейінге қалдыруға тура келгенін де айтып өтті.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар

Бүгін, 15:54

Атажұртты аңсау