Ақсу тұрғыны екі жыл бойы қайтыс болған әпкесінің атынан зейнетақы алып келген

14 қыркүйек в 15:07 220 рет оқылды

Өкілетті органдардың жұмысын тексерген Павлодар облыстық прокуратурасы бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған.

Мамандар соңғы бес жылдағы адам өлімін тіркеу бойынша біраз айырмашылықтар орын алғанын байқапты. Құзырлы орган мәліметінше, адамдар өз туыстарын өкілетті органдарда тіркеусіз жерлеп, сосын марқұмдардың атынан жәрдемақы мен зейнетақы алып отырған.

63 адамның өлімі Ақсу қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркелмеген. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық мәліметінше, Б. есімді азаматшаның 2015 жылдың 4 тамыздағы өлімінен соң екі жыл бойы оның атынан зейнетақы алынып келген. Қайтыс болған адамның тұрғылықты мекен-жайында оның сіңлісі тұрады. Ол марқұмның банк картасы арқылы екі жыл бойы зейнетақыға ие болып келген.

Осылайша ол 2015 жылдың қыркүйегінен бастап 2017 жылдың шілдесіне дейін 1 миллион теңгеден астам қаражатты алып үлгеріпті.

5 миллион теңгеден астам шығын келтірген 10 дерек бойынша қазір құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр.

Stan.kz

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар

Бүгін, 15:54

Атажұртты аңсау