Тоңазытқыштан табылған балаларға қатысты істің толық мән-жайы анықталды

13 қыркүйек в 16:11 500 рет оқылды

Алматы полициясы тоңазытқышты табылған балалардың өлімі бойынша істің мән-жайын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаза тапқан балалар егіз болып шықты. Олар 12 шілдеде дүниеге келген. Олардың шешесі азаматша Волченко үш жасар баласымен бірге пәтерді екі күнге жалға алған. Үлкен ұлы 2015 жылдың 29 мамырында дүниеге келген. Полицейлердің мәліметінше, балалардың мәйітін ата-анасы 3-4 күн сақтаған. «Нақты себебі мен уақыты сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады. Болжам бойынша, механикалық асфиксия (тұншықтыру) өлім себебі болған», — деп хабарлады Салтанат Әзірбек. Сондай-ақ, қалалық ІІД өкілі кеше ұсталған Волченко мен онымен бірге тұратын Өзбекстан азаматы мас болған. «Мастығы қайтқан соң олар балаларды жүк түсірмеу үшін өлтіргенін айтты. Г. деген азаматша балалардың жиі жылап, мазаны алғанын, ұйықтатпағанын айтты. Екі ересек адам да уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балалардың шешесімен бірге тұратын Өзбекстан азаматы балалардың әкесі екенін айтып отыр. Оларға балаларды өлтірді, қауіпте қалдырды деген айып тағылады», — деді Әзірбек. Үлкені «Самал» ықшамауданынан табылыпты. Полициядағылардың айтуынша, ата-аналардың екеуі де тұрақты жұмыс істеген. Олар әрдайым ішімдік ішкен. Алайда материалдық қиындықтары болмаған. Ер адам балаларды өзі өлтіргенін айтып отыр. «Қалай болғанда да шешесінің әрекет етпеуі бөлек қаралады. Шешесі өлтіру туралы білген соң полицияға хабарламаған, жасырған», — деді Салтанат Әзірбек. Еске салайық, екі баланың мәйіті Алматыдағы Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 11 қыркүйекте табылған болатын. Осы күні олардың шешесі — 34 жастағы Алла Волченкоға іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта әйел ұсталған. Сонымен бірге онымен бірге тұрып келген 29 жастағы өзбек азаматы ұсталған. Ол, полицейлердің мәліметінше, өз кінәсін мойындап отыр.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар