Шымкентте жоғалып кеткен 10 жастағы оқушы табылды

13 қыркүйек в 14:03 506 рет оқылды

ОҚО-да учаскелік инспектор із-түссіз жоғалып кеткен Құралбек Нұркенді тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шымкенттің Әл-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері жоғалып кеткен баланы табу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Іздестіру шаралары барысында Құралбек Нұркен ОҚО Сайрам ауданы Ақсу ауылынан табылды. 10 жастағы баланы жергілікті учаскелік инспектор тауып, әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне хабарлаған. Баланың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Полициядағылар бала ауылға жаяу барған деп болжап отыр», — деп хабарлады ІІД өкілдері. Құралбек Нұркен енді әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіледі. Оқиғаның мән-жайын анықталған бала заңды өкілдеріне жіберіледі. Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкентте мектеп-интернаттың 10 жастағы оқушысының жоғалып кеткені хабарланған болатын. «12 қыркүйекте сағат 19.30-да Шымкент қалалық ІІБ-нің Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне Бәйдібек би ауданының тұрғыны хабарласып, 2007 жылғы ұлы Құралбек Нұркен Талғатұлының жоғалып кеткенін хабарлаған. Мектеп-интернатта оқитын бала 12 қыркүйекте сағат 13.45-те кетіп қалып, оралмаған», — деп хабарлаған еді ІІД өкілдері.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар