ШҚО-да алғашқы қар жауды (видео)

13 қыркүйек в 15:35 701 рет оқылды

Шығыс Қазақстан облысында секундына 28 метрге дейін жел соғып, ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Аумақта дабылды ескерту жарияланған.

Тұрғындардың хабарлауынша, бүгін таңертең Осинов асуы аумағында қар түскен. Адамдар суреттерді әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Ал Қазгидромет ресми түрде қар жауудың тіркелмегенін айтты.

“Біздің ақпарат бойынша түнде Зырян ауданында +7 градус болған, біз тауда қар түсті деген ақпарат бере алмаймыз”, – деді Қазгидромет.

Stan.kz

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар