Директор мектепке хиджаб киген оқушыларды кіргізбей қойды (видео)

13 қыркүйек в 12:06 222 рет оқылды

Жаңаөзенде мектеп директоры хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбей қойды. Мектап басшысы шағымын айтқан ата-аналарға түсініктеме жазып берді.

Мектеп директорының шешіміне келіспеген ата-аналар шағымын айтты. Олар директордың сөзін видеоға түсіріп алды. Ата-аналар ҚР заңына сәйкес кез келген баланың орта білім алуына құқығы бар екенін алға тартты. Ал, мектеп директоры хиджабтың бұйрыққа сәйкес келмейтінін айтып, мектепке кіргізе алмайтынын жеткізді.

“Мен сіздерге жазбаша түрде түсініктеме жазып бердім. Сондықтан бұдан әрі қарай осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына жүгіне аласыздар. Мен балаларыңызды мектепке кіргізе алмаймын”, – деді мектеп директоры.

Инстаграм желісінің “Өмірлік кеңес” тобында Атырауда мектепке 200-ге тарта оқушының хиджаб киіп келгені жазылған.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар