jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Арақ-шарап өндіруге ниетті кәсіркерлер алдын-ала тексерілмейді

12 қыркүйек 2017, 15:37
72

Бұдан былай алкоголді өнімдермен айналысқысы келген кәсіпкерлер лицензия алу үшін алдын-ала тексерілмейді. Бұл жөнінде бүгін үкімет отырысында жаңа Салық кодексінің таныстырылымы барысынды ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта алкоголь өнімін лицензиялау процесі көптеген наразылықтар мен даулардың туындауына себеп болып жатады. Салық кодексінің жаңа жобасында лицензиялық бақылауды ырықтандыру көзделеді. Демек, лицензия алдында тексерулер жүргізілмейді», – деді Бақыт Сұлтанов. Оның айтуына қарағанда тексеру мен бақылау лицензия алып жұмыс жүрілген кезде басталмақ. Ал бұрынғы салық кодексінде кез-келген кәсіп ашуға ниетті азаматтың кәсіп жүргізуге арналған жұмыс орынын салық қызметкерлері барып тексеретін болған. Министрдің түсіндіруі бойынша мұндай жеңілдіктің барлығы әкімшілік кедергілерді азайтып, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жүргізіліп отырған көрінеді.

Бейбіт Тоқтарбай

Астана

13 шiлде, 14:43
Әлихан Бөкейхановтың ауылы
13 шiлде, 12:52
Журналистикаға оралуды армандадым
13 шiлде, 12:40
Топырақ иісі немесе қарашығында Қарағандысы қалған ұл
06 шiлде, 12:28
Мұқағали бейнесі әлі есімде
06 шiлде, 12:04
Алтын кеседегі көл "жасы"
06 шiлде, 11:52
Болат найза, немесе Тархан Жәнібек туралы не білеміз?
02 шiлде, 11:01
Мыс шаһардың бүгіні мен ертеңі
29 маусым, 11:38
Мойыл терген қыз, мойымай өткен ана