Қытайлық «желаяқ» әскери жойғыш ұшақпен жарысты (видео)

721 рет оқылды

Қытай Орталық телевизиясының «Алға болашақ (Cheers Science)» атты бағдарламасында адам мен әскери жойғыш ұшақ 100 метрге жүгіруден бәсекеге түсті.

Chinadaily-дың хабарлауынша, қытайлық 100 метрге жүгіруден кәсіби спортшы, бірнеше мәрте Қытай және Азия чемпионы Чжан Пэймэн қытайдың FTC-2000 Mountain Eagle оқу-жаттығу ұшағы және J-10A әскери жойғыш ұшағымен 50 метр және 100 метр қашықтықта жүгіріп жарысып көрді. Нәтижесінде, Чжан Пэймэн FTC-2000 ұшағын 50 метрде қапы қалдырса, J-10A ұшағымен болған бәскеде жеңіс жолын жалғастыра алмады. Cheers Science — Қытай Орталық телевизиясының Ғылыми тәжірибелер бағдарламасы. Бағдарлама Қытайдағы танымал тұлғалар мен ғалымдарды қонақ ретінде шақырып, әртүрлі тәжірибелер жасайды. Бағдарламаға арнайы қатысқан мектеп оқушылары тәжірибеге талдау жасайды.

 

ҚазАқпарат