jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шекарада ақшасы тәркіленген әйелге ақшасы қайтарылатын болды

17 шiлде 2017, 20:08
1657

Қытайдан келген қазақ әйел Гүлжан Мәуітхан кеден бекетінде тәркіленген 40 мың долларын қайтарып алатын болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, 4 сәуірде Гүлжан Мәуітхан Қытайдан Қазақстанға репатриант ретінде келіп, Майқапшағай кеден бекетінде тоқтатылған. Әйелдің алып келген 40 мың доллары тіркелмеген. Кейін Мәуітхан бұл қаражаттың қайдан шыққанын Қытайдағы үйін сатқанда алып, Астанадан үй алғысы келгендігімен түсіндірген. Әйел ақшалай қаражатты шекарадан өткізу ережесін білмеген. Салдарынан «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша соталды тергеу басталған. Зайсан аудандық соты Мәуітханды кінәлі деп танып, 40 мың доллар қаражатын мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарған. Апелляциялық инстацияда сот өндірісінің тілі туралы норма бұзылғандықтан бұл шешімнің күші жойылған. «ШҚО прокуратурасы бұл істің мән-жайын түбегейлі зерттеді. Бақылау органы Мәуітханның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деген қорытындығы келді. Мұндай шешім Мәуітханның ҚХР-дан жасырын ақша шығарғысы келмегендігінен қабылданды. Әйелдің мақсаты — отанға оралу. Мәуітхан көп уақыт бойы ақша жинап, бар мүлкін сатып, оралман статусын алған, ал шекарадан өткен кезде экономикалық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, ақшасы тәркіленген. Бұл жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту әділдік принципіне жатпайды», — деді облыс прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

15 наурыз, 16:50
Соңында аяқсыз қалады
15 наурыз, 16:40
Мақтанайық Димашпен!
15 наурыз, 14:56
Дос Көшім: Бір жылда шотланд тілін үйреніп алды
15 наурыз, 14:38
Ақтық сапардың сауалы
15 наурыз, 14:31
Өзегін өкініш өртейді
15 наурыз, 14:25
Шәмшінің досы көшеде жүр
11 наурыз, 13:07
Самал Еслямова: Әйел бейнесі махаббаттан тұрады
01 наурыз, 12:36
Ермегім - елде жоқты жинау