Қостанайда жаңбырдан кейін жүргізушілер көліктегі суды шелекпен төгіп жатыр (видео)

429 рет оқылды

Әлеуметтік желі қолданушысы Қостанайда жауған қатты жаңбыр көлік жүргізушілерін әбден әбігерге салғанын жария етті.

Ксения Жылқыбаева бұл туралы Фейсбукте жазған. Айтуынша күндіз жауған нөсер әсіресе Карбышев көшесін өзенге айналдырып жіберіпті.

“Көліктер құдды жүзіп жүргендей. Қостанайдағы Карбышев көшесі. Адамдар машиналарына толған суды шелекпен төгіп шығарып жатыр. Мұндайды бірінші рет көріп отырмын. Масқара”, – деп жазады ол.

Тағы бір желі қолданушысы Гоголь көшесіндегі табиғат мінезін таспаға басып алыпты.

stan.kz