Әкімдікте ілінген жыртық ту тұрғындардың ашуын келтірді

17 шiлде в 16:34 53 рет оқылды

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тәгіл ауылының әкімдігіне ілінген көк ту сетінеп кеткен. Ауыл тұрғындары жыртық тудың желбіреп тұрғанына көп болғанын айтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ауылды аралатып жүрген ауыл әкіміне су тартып жатқан құрылысшылар әкімдік туының жыртылып қалғанын айтты. Мұнда тұрған ешнәрсе жоқ екенін айтқан ауыл әкімі сасқан жоқ.

«Әкімдіктің туы ескі. Енді далада тұрғасын жыртылады. Ештеңе етпейді. Қазір ауылға су тартып қол тимей жатыр. Алдағы уақытта ауыстыратын боламыз»,- деді ентіккен Тегіл ауылының әкімі Сағымбай Сүндеталин.

Топырағы құнарлы, табиғаты әсем егіздер туылатын ауылға көп өзгерістер керек.

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар