Екібастұзда баланы қағып кеткен көлік видеоға түсіп қалды

17 шiлде в 17:38 401 рет оқылды

Екібастұзда жаяу жүргінші жолында баланы қағып кеткен көлік видеоға түсіп қалды.

Жол-көлік оқиғасы Екібастұз көшелерінің бірінде болған. Болған оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсірілген. Видеодан екі көліктің бала өткенше тоқтағанын көруге болады. Осы кезде оны ақ түсті көлік қағып кетеді. Көлік баланы бірнеше метрге дейін капотымен апарады, сосын ғана бала құлап түседі. Видеоны зардап шеккен қыздың туыстары жолдады. Дарина Дроздова. Видеоны зардап шеккен қыздың туыстары жолдады. Зардап шеккен қыз 7 жасар Дарина Дроздова екен. Баланың шешесі Татьяна Дроздова оқиға жайлы қызынан естіпті. Қыздың айтуынша, көлік қаққан сәтте жүргізуші көліктен шығып, оған жақындап келіп, «бір жерің ауырып тұр ма?» деп сұрапты. Қыз есеңгіреп қалғаннан еш жері ауырмағанын айтқан, сол кезде жүргізуші көлігіне отырып, кетіп қалған. «Үйге келген Дарина жылап отырып, дүкеннің маңында көлік қағып кеткенін айтты, басы қатты ауырды. Бірден ауруханаға бардық», — дейді қыздың шешесі. Дәрігерлер қыздың миы шайқалғанын және көптеген дене жарақаттарын алғанын анықтады. Қыз ауруханаға түскен. Сол күні баланың ата-анасы полицияға хабар беріп, бірнеше күн өткеннен кейін оқиға жайлы әлеуметтік желілерде куәгерлерді іздеген. «Жол апатынан бері бір апта өтті, қызымды соғып кеткен адам әлі анықталмады, табылмады. Полициядағылар видеода көлік нөмірі көрінбейтінін, сондықтан іздеу қиынға соғып жатқанын айтқан. Сондықтан осы апаттың куәгерлерін іздейміз. Мұндай жүргізушілер жазасын қалмауы тиіс. Дәрігерлер қыздың періштесі бар екен деп отыр. Бірақ оның миы шайқалды, салдары қандай болатыны белгісіз», — деді Дроздова. Қыздың ата-анасы оқиғаның куәгерлерін тапсақ деп отыр. Сондай-ақ, олар Павлодар облыстық прокурорына, Екібастұз прокурорына хабарласып, көмек сұрауға ниетті.

Tengrinews.kz

+7 702 839 00 99

Жаңалықтар